Содержимое курса
1. Жалпы ережелер
0/1
2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері
0/1
3. Жаяу жүргіншілердің міндеттері
0/1
4. Жолаушылардың міндеттері
0/1
5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары
0/1
6. Арнаулы сигналдарды қолдану
0/1
7. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану
0/1
8. Маневр жасау
0/1
9. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру
0/1
10. Жүріс жылдамдығы
0/1
11. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу
0/1
12. Аялдау және тоқтап тұру
0/1
13. Жол қиылысынан жүріп өту
0/1
14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары
0/1
15. Теміржол жолдары арқылы жүру
0/1
16. Автомагистральдарда жүру
0/1
17. Тұрғын аймақтарда жүру
0/1
18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы
0/1
19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану
0/1
20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету
0/1
21. Жүргізіп үйрену
0/1
22. Жолаушыларды тасымалдау
0/1
23. Жүктерді тасымалдау
0/1
24. Велосипедтердің, мопедтердің, ат-арба көліктерінің жүруіне, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар
0/1
25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету
0/1
Жол таңбасы және оның сипаттамалары
0/1
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер
0/1
Автодром
0/1
Жол жүру ережесі
Об уроке

1. Авариялық жарық сигнал беру:

      1) жол-көлік оқиғасы кезінде;

      2) аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде;

      3) артқа жүру кезінде;

      4) жүргізушінің көзін фар жарығы шағылыстырған кезде;

      5) сүйретуге алу кезінде (сүйретілетін механикалық көлік құралында);

      6) жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде аялдау және тұру кезінде немесе көлемдік оттардың дұрыс істемеуінен көріну жеткіліксіз болғанда;

      7) елді мекеннен тыс, жол жиегінің ені жолдың жүру бөлігінен толық кіру үшін жеткіліксіз болғанда немесе жол жиегінің енін осы жол жағдайында айқындау мүмкін болмай, онда тоқтаған кезде іске қосылады.

      Авариялық жарық сигнал беру басқа жағдайларда да, жол жүрісінің қатысушыларына көлік құралы туғызуы мүмкін қауіптілік туралы ескерту үшін де қосылады.

      2. Авариялық жарық сигналын іске қосқаннан кейін, сондай-ақ оның ақауы болса немесе ол болмағанда, жолдың жүру бөлігінің неғұрлым қауіпті:

      1) жол-көлік оқиғасы;

      2) аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған жерлерде мәжбүрлі тоқтау кезінде ең болмағанда бір бағытта дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгісі қойылады.

      Авариялық аялдау белгісі (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) нақты жағдайда басқа жүргізушілерді қауіптілік туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ететін қашықтықта көлік құралынан елді мекендерде — кемінде он бес метр және елді мекеннен тыс жерде — отыз метр арақашықтықта орнатылады.

      3. Авариялық жарық сигналы болмағанда немесе оның ақауы болса, сүйретілетін механикалық көлік құралының артқы жағына авариялық қауіптілік белгісі бекітіледі.