Содержимое курса
1. Жалпы ережелер
0/1
2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері
0/1
3. Жаяу жүргіншілердің міндеттері
0/1
4. Жолаушылардың міндеттері
0/1
5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары
0/1
6. Арнаулы сигналдарды қолдану
0/1
7. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану
0/1
8. Маневр жасау
0/1
9. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру
0/1
10. Жүріс жылдамдығы
0/1
11. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу
0/1
12. Аялдау және тоқтап тұру
0/1
13. Жол қиылысынан жүріп өту
0/1
14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары
0/1
15. Теміржол жолдары арқылы жүру
0/1
16. Автомагистральдарда жүру
0/1
17. Тұрғын аймақтарда жүру
0/1
18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы
0/1
19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану
0/1
20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету
0/1
21. Жүргізіп үйрену
0/1
22. Жолаушыларды тасымалдау
0/1
23. Жүктерді тасымалдау
0/1
24. Велосипедтердің, мопедтердің, ат-арба көліктерінің жүруіне, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар
0/1
25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету
0/1
Жол таңбасы және оның сипаттамалары
0/1
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер
0/1
Автодром
0/1
Жол жүру ережесі
Об уроке

4.1.1 «Тура жүру».

4.1.2 «Оңға жүру».

4.1.3 «Солға жүру».

4.1.4 «Тура немесе оңға жүру».

4.1.5 «Тура немесе солға жүру».

4.1.6 «Оңға немесе солға жүру».

 Белгілерде бағыттауыштармен көрсетілген бағыттарда ғана жүруге рұқсат етіледі. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді (нақты қиылыста қажетті жүру бағыттарына сәйкес келетін бағыттаушы кескіндері бар 4.1.1 — 4.1.6 белгілері қолданылуы мүмкін).

4.1.1 – 4.1.6 белгілері маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

4.1.1 – 4.1.6 белгілері алдына белгі қойылған жүру бөліктерінің қиылыстарына қолданылады.

Жол учаскесінің басында орнатылған 4.1.1 белгісі жақын жол қиылысына дейін қолданылады. Белгі іргелес аумақтарға оңға бұрылуға тыйым салмайды.

4.2.1 «Кедергіні оңКедергіні оң жағынан айналып өту».

Бағыттауышпен көрсетілген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етіледі.

.

4.2.2 «Кедергіні сол жағынан айналып өту».

Бағыттауышпен көрсетілген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етіледі.

4.2.3 «Кедергіні оң немесе сол жағынан айналып өту».

Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етіледі.

4.3 «Шеңберлі жүріс».

Бағыттауыштармен көрсетілген бағытта жүруге рұқсат етіледі.

4.4 «Жеңіл автомобильдер жүрісі».

Жеңіл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлік құралдары мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерінің жүрісі рұқсат етіледі.

      Белгі белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі басқа көлік құралдарының жүруіне рұқсат береді. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек.

4.5 «Велосипед жолы немесе велосипед жүретін жолақ».

Велосипедпен және мопедпен ғана жүруге рұқсат етіледі.

4.6 «Жаяу жүргіншілер жолы».

 Тек қана жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат етіледі.

4.7 «Ең төменгі жылдамдықты шектеу».

Тек қана көрсетілген немесе одан көп жылдамдықпен (сағ/км) жүруге рұқсат етіледі.

4.8 «Ең төменгі жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы».

4.9.1 «Қауіпті жүгі бар көлік құралдарының жүру бағыты».

«Қауіпті жүк» таным белгісімен жабдықталған көлік құралына оңға жүруге рұқсат етіледі.

4.9.2 «Қауіпті жүгі бар көлік құралдарының жүру бағыты».

«Қауіпті жүк» таным белгісімен жабдықталған көлік құралына солға жүруге рұқсат етіледі.

4.9.3 «Қауіпті жүгі бар көлік құралдарының жүру бағыты».

«Қауіпті жүк» таным белгісімен жабдықталған көлік құралына тіке жүруге рұқсат етіледі.