Содержимое курса
1. Жалпы ережелер
0/1
2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері
0/1
3. Жаяу жүргіншілердің міндеттері
0/1
4. Жолаушылардың міндеттері
0/1
5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары
0/1
6. Арнаулы сигналдарды қолдану
0/1
7. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану
0/1
8. Маневр жасау
0/1
9. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру
0/1
10. Жүріс жылдамдығы
0/1
11. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу
0/1
12. Аялдау және тоқтап тұру
0/1
13. Жол қиылысынан жүріп өту
0/1
14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары
0/1
15. Теміржол жолдары арқылы жүру
0/1
16. Автомагистральдарда жүру
0/1
17. Тұрғын аймақтарда жүру
0/1
18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы
0/1
19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану
0/1
20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету
0/1
21. Жүргізіп үйрену
0/1
22. Жолаушыларды тасымалдау
0/1
23. Жүктерді тасымалдау
0/1
24. Велосипедтердің, мопедтердің, ат-арба көліктерінің жүруіне, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар
0/1
25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету
0/1
Жол таңбасы және оның сипаттамалары
0/1
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер
0/1
Автодром
0/1
Жол жүру ережесі
Об уроке

1. Көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс.

      2. Жолдарда жүргізіп үйрену тек қана үйретушімен және үйренушінің бастапқы басқару дағдылары болған кезде, механикалық көлік құралында жолаушылар болмағанда ғана жүзеге асырылады.

      3. Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің – жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Жүргізуді үйренуге арналған механикалық көлік құралы Негізгі ережелердің 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша жабдықталады.

      5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.