1. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.
2. Тұрғын аймақта:
1) көлік құралдарының толассыз жүруіне;
2) жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;
3) жүргізіп үйренуге;
4) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;
5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына;
6) дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға;
7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады. Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді — ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа қатысушыларға жол береді.
4. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.